Хабарландыру

Пациенттерді қолдау қызметі қалай көмектеседі (ПҚҚ)?

  • Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте медициналық қызметтер сапасының сараптамасына жіті назар аударылған. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.
  • Сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізе алады.
  • Ішкі сараптама медициналық ұйымның өзінде жүзеге асырылады, ол үшін пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтері (ІСҚ) құрылады.

Пациенттерді қолдау қызметінің міндеті қандай?

  • ПҚҚ-нің міндеті көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сараптау, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Бұл өтініштер мен шағымдарды қарау, пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеу ПҚҚ-нің міндетіне кіреді.

Пациент қай кезде ПҚҚ-ға хабарласа алады? Егер…

  • Cізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етсе.
  • Cізді учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартса.
  • Учаскелік дәрігер / медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық қағидат бойынша бекітілген болсаңыз да, үйге шақырту қызметін көрсетпесе.
  • Cіз бейінді маманнан кеңес ала алмай жүрсеңіз, себебі ол дәрігер жоқ немесе қабылдауға бір айға толық жазылған болсаңыз.
  • Cізге денсаулығыңыздың көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілілмесе.
  • Жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса.
  • Дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса, өзін талапқа сай ұстамаса.
  • Сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз.
  • Егер сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданатын болсаңыз.
  • Сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтаған болсаңыз.
  • Жалпы, сізді медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса пациентті қолдау қызметіне хабарлассаңыз болады.